Қылқанды арпа

lat: Qylqandy arpa

ө с. <лат. hordeum crinitum> Астық тұқымдасы, арпа туысына жататын біржылдық шөптесін өсімдік.

Қылқанды арпа Қызылорда облысында, Бетпақдалада, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Iле Алатаулары мен Қаратаудың тастақты тау бөктерінде өседі (ҚҰЭ).

Қылқанды арпаның биіктігі 15-50 см, сабағы жылтыр, жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, көбінесе ширатылған (ҚҰЭ).